Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Қыздарды дәретханаға тастаған»: Журналист Сарыағаштағы үрей туғызған оқиға туралы айтты

kaz.365info.kz

«Қыздарды дәретханаға тастаған»: Журналист Сарыағаштағы үрей туғызған оқиға туралы айтты

Журналист Гүлмира Әбіқай Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында 5 жасар қызды әлдекімнің қасақана дәретханаға түсіргені туралы жазды. «Дәретханаға түсіп өлді ме, әлде біреу түсірді ме? Дәл қазір осы сауал Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сіргелі ауылына үрей туғызуда.Естеріңізде болса, 16/05/24 осы ауылдың Мамаев көшесінде тұратын 3 жасар қыз жоғалып еді. Бүкіл ел болып іздеп, алаңдап, тілеуін тіледік. Өкінішке қарай, 3-ші тәулікте кішкентай Асылымның денесі көршінің дәретханасынан табылды. Бұл қалай деп талайымыз бас қатырдық, сенбедік, дегенмен, тергеу: жазатайым оқиға деп кінәлі жан табылмады. Енді қараңыз, сол ауылда сол көшеде, марқұммен көрші тұратын 5 жасар қыз да 2 күн бұрын дәл осындай оқиғаны бастан кешеді. Айтуына қарағанда оны бір адам «Жүр, кішкентай көжектерді көрсетемін» деп шақырған. Ары қарай қорқынышты енді. Түн болыпты ғой, өзім қорқып кеттім…», – деп журналист Instagram-дағы парақшасында жазды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2024