Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақмола облысында ұшақ апатқа ұшырады

kaz.365info.kz

Ақмола облысында ұшақ апатқа ұшырады

Ақмола облысында Державинск қаласынан 10 шақырым жерде АН-2 ұшағынан өрт шығып, апатқа ұшырады. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Ұшқыш жанып жатқан техникадан өздігінен эвакуацияланды. Құтқарушылар өртті ауыздықтап, түгелдей сөндірді. Төтенше жағдайға қатысты көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрылатынын мәлімдеді. «Сағат 18.54 Ақмола облысының Жарқайың ауданында АН-2 әуе кемесі апатқа ұшырады. Тіркеу нөмірі — UPA0141. Ұшақта өрт тіркелді. Бортта ұшқыш болған. Әуе кемесі «Бүркіт-Авиа» ЖШС-ға тиесілі», – делінген хабарламада. Шақырылған сәттен бастап 8 минут ішінде ТЖМ құтқарушылары өртті оқшаулады. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2024