Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Маңғыстау облысында директор мұғалімдерден заңсыз түрде ақша жинап келген

newsroom.kz

Маңғыстау облысында директор мұғалімдерден заңсыз түрде ақша жинап келген

Мұнайлы ауданының прокуратурасы «№3 арнайы мектеп» КММ тексеру нәтижелері бойынша мекеме басшылығы тарапынан бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, мектеп басшылығы ай сайын «Kaspi.kz» және «Halyk bank» мобильдік қосымшалары арқылы қарамағындағы қызметкерлерден ақша қаражатын заңсыз жинауды жүзеге асырған.

Бұдан басқа, формальды бұйрықтар шығару және жеке тұлғаларға артық сыйлықақылар есептеу негізінде ақша қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталды.

Сондай-ақ мектеп директоры өз қарамағындағылардан өзіне салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген.

Аталған арнайы мектептің лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша ҚК 361-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2024