Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Денесінің 85%-ын күйік шалған». Қарағандыда ферроқорытпа зауытындағы апаттан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

kaz.365info.kz

«Денесінің 85%-ын күйік шалған». Қарағандыда ферроқорытпа зауытындағы апаттан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытындағы апат кезінде 8 жұмысшының денесін күйік шалып, ауруханаға жеткізілген еді. Солардың бірі қайтыс болды. Дәрігерлер қайтыс болған жұмысшының жақындарына көңіл айтты. «Дәрігерлер барынша тырысты, бірақ зардап шеккен жұмысшылардың бірін аман алып қала алмады. Осы уақытқа дейін жағдайы өте ауыр болды. Денесінің 85 пайызын күйік шалған 1993 жылы туған науқас қайтыс болды. Марқұмның жақын туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз», – деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасы. Естеріңізге салайық, 20 шілдеде Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, 8 жұмысшы әртүрлі дәрежеде жарақат алған болатын. Оларды емдеу үшін елорда мен шетелден білікті дәрігерлер келді. Ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметі күйік шалғандарды емдеу үшін Түркия мен Израиль мамандарынан онлайн кеңес алған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2024