Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақмола облысында 1 жастан асқан бала терезеден құлап кетті

ktk.kz

Ақмола облысында 1 жастан асқан бала терезеден құлап кетті

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай 24 шілдеде Щучье қаласында болды.

«Жыл басынан бері облыс аумағында балалардың терезеден құлап кетудің 10 дерегі тіркелді. Оның бірі - 24 шілдеде Щучье қаласында болды. Онда бір жастан асқан қыз бала 4-қабаттағы терезеден құлап, зардап шекті», - деді ведомстводан.

Осы ретте, полиция қызметкерлері ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларды бақылауды күшейтуге және қарасуыз қалдырмауға шақырады.

Сонымен бірге, 2024 жылғы 16 маусымнан бастап «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енгенін еске салады.

Осы Заңға сәйкес кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің жауапкершілігі енгізіліп отыр.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2024