Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қарағандыда ферроқорытпа зауытындағы апат: құрбандар саны төрт адамға жетті

newsroom.kz

Қарағандыда ферроқорытпа зауытындағы апат: құрбандар саны төрт адамға жетті

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытындағы апаттан зардап шеккен тағы екі адам жан тапсырды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Qaz365.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қарқынды жан-сақтау іс-шаралары өткізілгенімен, екі қызметкерді аман алып қалу мүмкін болмаған. 1981 және 1987 жылы туған екі науқас (балқыту цехының механигі Адамчук Дмитро мен бас механик қызметінің шебері Төлеген Жетпісбаев) ес жимай,көз жұмған. Басқарма, дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін бар күш-жігеріп салып, күрескенін хабарлайды.

Мұның алдында 25 жастағы технолог Ерұлан Қазкен қайтыс болған. Күйік салдарынан Музафар Исмаилов екі күн бұрын көз жұмған еді.

Компания өзіне қандай міндеттеме алады

Зауыт иесі – YDD компаниясы жерлеуді ұйымдастырып, қонақ асын өткізіп, мазар тұрғызып, ескерткіш орнату шығындарын өз мойнына алған. Компания қаз тапқан қызметкерлердің отбасыларына барлық қажетті қолдау көрсетпек. Нақтырақ айтқанда, компания отбасын қолдау үшін жылдық 10 жалақы мөлшерінде біржолғы төлем беріп, отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмектеседі. Қызметкерлер мен олардың жұбайының барлық несиесін өтейді.

Қарағандыдағы апат

Биыл 20 шілдеде Қарағандыда ферроқорытпа зауытының пешінде кенеттен жалын шығып, кәсіпорынның сегіз қызметкері зардап шеккен. Олардың күйік шалған видеолары әлеуметтік желіге тарап кетті. БАҚ бұл зауытқа Ерлан Нығматуллин (Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматуллиннің бауыры) мен олигарх Жармухамед Аппаз иелік ететінін жазды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2024