Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АҚШ қазақстандықтардың ел аумағына кіру ережелерін өзгертті

nege.kz

АҚШ қазақстандықтардың ел аумағына кіру ережелерін өзгертті

АҚШ қазақстандықтардың ел аумағына кіру ережесін өзгертті. Алматы, NEGE. Енді Америка аумағына белгілі бір вакциналарды алған қазақстандықтар ғана кіре алады. АҚШ рұқсат берген вакциналарға – Pfizer, Moderna, Johnson & Johnson, AstraZeneca, Covishield, Sinopharm және Sinovac. Ресейлік «Sputnik V» мен қазақстандық QazVac тізімде жоқ. Жаңа талаптар 18 жасқа толмаған балаларға, екпеге қарсы көрсетілімдері бар адамдарға, сондай-ақ дипломатиялық, қызметтік және транзиттік санаттағы визасы бар мемлекеттік қызметшілерге немесе олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылмайды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 мамыр 2024