Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда көрнекті ғалым, жазушы, публицист Әбілфайыз Ыдырысовты еске алды

almaty.tv

Алматыда көрнекті ғалым, жазушы, публицист Әбілфайыз Ыдырысовты еске алды

«Цифрландыру жағдайындағы баспа ісі мен дизайнның өзекті мәселелері». Бүгін Алматыда осындай тақырыпта ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Гибрид форматында өткізілген шарада студенттер мен магистранттар өз ғылыми жұмыстарын ұсынды. Республикалық деңгейде ұйымдастырлған жиын көрнекті ғалым, жазушы, публицист Әбілфайыз Ыдырысовты еске алуға арналды. Шара барысында қарымды қаламгердің еңбектері мен кейінгі ұрпаққа қалдырған шығармашылығы насихатталды. Ғылымның өркендеуіне үлес қосқан ұлы ұстаздың мұралары дәріптелген іс-шарада бүгінгі баспа ісінің өзекті мәселелері көтерілді. «Бұл кісі осы журналистика факультетіне аға оқытушы болып келіп, професор деңгейіне көтеріліп, қызмет жасады. Көптеген шәкірттер тәрбиеледі. Бүгінгі оқу осы Әбекеңнің журналистика факультетіндегі, қазақ журналистикандағы орнына арналады», – деді филология ғылымдарының докторы Намазалы Омашұлы. Конференция соңында жас ғалымдардың ғылыми жұмыстары бағаланды. Үздік деп танылған 5 студент арнайы номинациямен марапатталды. Оларға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. «Әбекең бүгінгі таңда жазушылық, қайраткерлігі, халыққа деген жанашырлығыменен кейінгі буынның есінде қалды. Ұлы ұстаз шығыстың данышпаны әл-Фарабидың форумы жайдан жай осы уақытта өткізілмейді. Ал оның аясында осы факультетіміздің ірі тұлғасы Әбілфайыз ағамыздың оқуларының өтуі бүгінгі студенттерге, бүгінгі жастарға үлкен тағылым болары сөзсіз», – деді әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ журналистика факультетінің деканы Сансызбай Мәдиев.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 мамыр 2024