Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қарияларға арналған семинар өтті

almaty.tv

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қарияларға арналған семинар өтті

«Қарттар денсаулығының кепілі – дерттің алдын алуда». Осындай атаумен бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында қарияларға арналған семинар өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Бұл бастаманы Алматы қаласы әкімдігі мен Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мамандары ұйымдастырды. Жиынға ақ жаулықты әжелер мен егде жастағылар қатысты. Оларға Жоғары медицина мектебінің профессорлық құрамы салауатты өмір салтын ұстау және дәрілік препараттарды дұрыс қолдану әдісін үйретіп, дәріс оқыды. «Бүгін тіс аурулары мен урологиялық дертке қатысты қажетті кеңестер айтылды. Түсіндіру жұмыстары 2 күнге жоспарланған. Өйткені «ұлт саулығы – дерттің алдын алуда». Осындай бағдарламаның арқасында халықтың өмір сүру жасы 10 жылға ұзарып отыр», – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің деканы Жанна Қалматаева. «Қарт адамдарға пайдасы зор. Әркім өзі немен ауыратынын, оны емдеу жолын біледі. Психологтар бізбен жұмыс істеп, есте сақтау қабілетін жақсарту техникасын үйретті», – деді Алатау аудандық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушысы Бибісары Бисейітова.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 мамыр 2024