Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атырауда тасқын кезінде автосалонда жүрген шенеуніктің басы дауға қалды

ktk.kz

Атырауда тасқын кезінде автосалонда жүрген шенеуніктің басы дауға қалды

Видеоның авторы блогер Рүстем Баязиев оны қала әкімінің орынбасары деп таныстырады. Оны көрген желі қолданушылары халық сумен арпалысып жатқанда неге шенеуніктер көлік қарап жүр деп ашуланды. Жағдайды Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев түсіндірді, деп жазады kazinform.

Оның айтуынша, қызметкер салонға жұмыс бабымен барған.

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайға байланысты жүргізіліп жатқан жұмыс барысында А.Ибрагимов қала әкімі аппараты іс басқармасының теңгеріміндегі TOYOTA автокөліктерін жөндеуге қою үшін қосалқы бөлшектерді қарап жүрген. Сол кезде оны блогер Р.Баязиев қуып жетіп, бейнежазбаға түсірген. Аталған видеодағы қызметкер ақпаратта айтылғандай әкім орынбасары емес. А. Ибрагимов 2024 жылдың қаңтарынан бастап Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің абаттандыру және көгалдандыру секторының бас маманы лауазымында жұмыс істеп келеді» дейді Руслан Жұмағазиев.

Әкімнің баспасөз хатшысының сөзіне сенсек, аталған блогер ақпаратты бұрмалау арқылы провокация жасаған.

«Табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде өздерін қоғам белсендісі санап жүрген азаматтардың мемлекеттік қызметшілерді әртүрлі арандату арқылы ақпаратты өз пайдасына бұрмалап беру әрекетін құп көрмейтінімізді жеткіземіз» деп атап өтті ол.

Мұның алдында қала әкімдігі де қызметкердің әкімдік балансындағы TOYOTA маркалы көліктерін жөндеуден өткізу мақсатында ресми дилерден қосалқы бөлшектердің бағасын біліп, тапсырыс беруге барғанын хабарлаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 сәуір 2024