Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қаңтарда өртенген ғимарат жөнделуде

almaty-akshamy.kz

Қаңтарда өртенген ғимарат жөнделуде

Қаламыздағы Республика алаңы 13 мекенжайында орналасқан бизнес-орталықты жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Ғимараттың сырты арнайы қорғаныс матасымен жабылған, бірақ ішкі құрылыс жұмыстарының жүргізіліп жатқанына шамамен бір жылға жуықтады.

2022 жылғы қаңтарда Алматыда болған қайғылы оқиғалар кезінде қираған ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын «Қазстройцентр» ЖШС мердігер компаниясы жүргізеді.

Аталған ЖШС өкілдері қазіргі уақытта нысанда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын «Вечерный Алматы» газетінің тілшісіне айтып берді. Екінші, үшінші және басқа жоғарғы қабаттарда қатты ыстанғана қабырғалар мен бос терезелердің орны көрінеді. Қасбеттер мен сыртқы жұмыстарды жүргізетін құрылысшылардың міндетіне терезелерді ауыстырып, қасбеттің қатты зақымданған жерлерін қалпына келтіретін болады.

Нысанды қалпына келтіру жұмыстарымен барлығы 30-дан астам жұмысшы мен арнайы шеберлер және инженерлер тобы жұмыс істеуде. Ғимаратты жөндеуді жауапкершілігіне алған құрылысшылар жоспарланған жұмыстарды белгіленген мерзімде – осы жылдың желтоқсанында аяқтауға сөз беріп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қаңтар айында Жаңаөзен қаласындағы газ өндіретін өнеркәсіп қызметкерлерінің наразылық акцияларынан кейін сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты Қазақстанның басқа өңірлерінде жаппай толқулар мен жаппай тәртіпсіздіктер бастау алған болатын.

Алматыда 2022 жылғы 4-5 қаңтарда орын алған наразылық соңы жаппай тәртіпсіздіктерге, оның ішінде үкіметтік мекемелерге, әкімдік ғимараттарына, ішкі істер органдарына, прокуратураға және басқа да мемлекеттік органдарға, сондай-ақ кәсіпкерлердің дүкендеріне, банктеріне, кеңселері мен қоймаларына жасалған шабуылдарға ұласты. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне шабуылдар, атыс, автокөліктер мен ғимараттарды өртеу, тонау сияқты тәртіпсіздіктер орын алды.

Қала әкімдігінің ғимараты қиратылып, өртенді. Басқа нысандармен бірге еліміздің жетекші телекомпанияларының кеңселері орналасқан Республика алаңы 13 бизнес-орталықтың ғимараты да зардап шекті. Рейдерлер мен тонаушылар ғимаратты талқандады, қымбат жабдықты жойды, телеарналардың қызметкерлерін ұрды. Өртеу барысында бүкіл құрылымға үлкен зиян келтірілді. Бірнеше күннен кейін қала мен елдегі тәртіп қалпына келтірілді.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректері бойынша, тек Алматыда болған тәртіпсіздіктерден келтірілген залал сомасы 92,4 млрд теңгеге жеткен.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 мамыр 2024