Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ҚДБ-ның еурооблигацияларына сұраныс ұсыныстан екі есе асып түскен

kz.kursiv.media

ҚДБ-ның еурооблигацияларына сұраныс ұсыныстан екі есе асып түскен

«Қазақстанның Даму Банкі» биржаға доллардағы еурооблигациялар мен теңгелей дебюттік тұрақты даму облигацияларын орналастырған. ҚДБ-ның бағалы қағаздарына деген сұраныс ұсыныстан асып түскен. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚДБ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) еурооблигациялардың екі шығарылымын орналастырған. Біріншісі – 500 млн доллар, екіншісі – 100 млрд теңгеге тең.

Еурооблигациялар жаңа шығарылымының айналым мерзімі 3 жылды құрайды. купондық мөлшерлемесі – жылдық 5,5%.

Теңгеге деноминалданған тұрақты даму еурооблигацияларының көлемі – 100 млрд теңге, бағалы қағаздардың айналыс мерзімі – 3 жыл. Ал купондық мөлшерлемесі – жылдық 13%.

Еурооблигациялардың екі шығарылымы нәтижесінде сұраныс ұсыныстан екі есе асып түскен.

«Еурооблигациялар инвесторлар арасында айтарлықтай қызығушылық тудырды, бұл Қазақстанның Даму Банкі, атап айтқанда, тұтастай Қазақстан қағаздарының инвестициялық тартымдылығын көрсетеді», – делінген хабарламада.

Бағалы қағаздарды АҚШ, Ұлыбритания, Еуропаның басқа елдері, Қазақстан және Таяу Шығыс және Солтүстік Африка инвесторлары сатып алған. Жалпы алғанда бағалы қағаздардың екі шығарылымына сұранысты 110-нан астам инвестор қалыптастырды.

Еурооблигация орналастырудан түскен қаржы «жасыл» және тұрақты даму критерийлеріне сәйкес келетін жобаларды, оның ішінде инфрақұрылым, көлік саласы, ЖЭК және тағы басқа салаларды қаржыландыруға бағытталады.

Шығарылымның бірлескен букраннерлері – Citi, Halyk Finance, J.P. Morgan, Mashreq және Societe Generale. Банктің еурооблигациялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) және Vienna MTF алаңының листингіне енгізілді. Бағалы қағаздары Вена қор биржасына орналастылғанда осы бағдарлама аясында шығарған облигациялары KASE-ден делистинг жасамады.

2 сәуірде банк еурооблигацияларының екі шығарылымын орналастыру мүмкіндігін қарастырып жатқаны белгілі болды. Одан түскен қаржы бұрынғы шығарылымдарды сатып алуға жұмсалады. Ұсыныс бағасы 15 сәуірге дейін деп белгіленді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 мамыр 2024