Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Президент тапсырмасымен су басқан әр аймаққа көмектесу үшін ірі кәсіпкерлер бекітілді

kz.kursiv.media

Президент тапсырмасымен су басқан әр аймаққа көмектесу үшін ірі кәсіпкерлер бекітілді

Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды. Қасым-жомарт Тоқаев Тобыл қаласындағы уақытша орналастыру нысанында ауылдардың тұрғындарымен кездесті.

Президент су тасқынының салдарын еңсеру үшін әр аймаққа елдің ірі кәсіпкерлері бекітілетінін атап өтті. Яки бұл бағытта бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты қадамдар жасалынбақ.

«Президент ретіндегі менің басты міндетім – су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсету», – деген Тоқаев қиын-қыстау кезеңде халықтың бір болуға ұмтылуы маңызды екенін айтты.

Тоқаевтың сөзінше, қазіргі уақытта мемлекет бюджет қаражатын қатаң үнемдеуге көшті. Қаржылай қолдау негізінен су тасқынынан зардап шеккендерге бағытталады.

– Өтемақы – басты мәселе. Шығын өтеледі. Сонымен қатар тұрғын үйі жарамсыз азаматтарға жаңа баспана салынады және жөндеуге жарамды үйлер қайта қалпына келтіріледі. Оған қажетті барлық қаражат бөлінеді. Кім пәтерге көшкісі келсе, біз пәтер сатып алып береміз. Кім өз қонысында қалғысы келеді, оларға типтік үлгідегі үйлер саламыз. Дегенмен қауіпті жерлерде қалуға мүлде болмайды. Мұндай үйлердің жобасы бар. Бұл үйлер қысқа дейін толықтай салынады. Мен Үкіметке алдағы жаз мезгілінде, сондай-ақ күзде барлық құрылыс жұмыстарын бітіру және апат салдарын толық жою жөнінде міндет жүктедім, – деді Президент.

Мемлекет басшысы топан су салдарына байланысты алдағы уақытта нақты жұмыстар атқарылатынын атап өтті.

– Бұл табиғи апат болса да, біз бұдан сабақ алып жатырмыз. Су тасқынынан алдын ала ескерту жүйесі бұрыннан қалыптасуы керек еді. Енді су шаруашылығы мамандарын даярлауымыз керек. Бір жағынан, су деген тіршіліктің көзі екенін естен шығармайық. Халықаралық іс-шаралардың барлығын шегеріп, қаражатты қатаң үнемдеуге басымдық беру керек деп ұйғардым. Су тасқынынан зардап шеккен әр адам Үкімет назарынан тыс қалмайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 мамыр 2024