Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Маңғыстауда «Ыбықты-Сай» шатқалында сенбілік өтті

newsroom.kz

Маңғыстауда «Ыбықты-Сай» шатқалында сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» атты экологиялық акция қала белсенділері «Ыбықты-Сай» тарихи орнына тазалық жұмыстарын жүргізді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап.

Бұл акцияға облыстық «Жастар» ресурстық орталығының өкілдері және «Yessenov» колледжінің студенттері белсене қатысты.

- Маңғыстау облысы еріктілерінің ұйымдастыруымен Ыбықты-Сай шатқалына сенбілік өткізуді ұйғардық. Киелі өлкенің көрікті жерлеріне саяхаттайтын туристер ағыны жыл сайын артып келеді, табиғат-Ананың қымбат қазынасы ретінде мұндай жәдігерлердің бастапқы қалпын бұзбай, жайнап тұруы тікелей бізге байланысты. Ұрпақтың жарқын келешегі туған жеріне деген сүйіспеншіліктен басталады,- деді қала еріктісі Амангүл Жамкен.

Ыбықты-Сай шатқалы Ақтаудан 60 шақырым жерде орналасқан. Ол Қазақстанның ең терең ойпатында - Қарақияда орналасқан. Бұл шатқал - табиғаттың ерекше туындысы. Көптеген адамдар оны ашық шатқал деп атайды. Миллиондаған жылдар бойы жаңбыр мен жел мүжіп, мінсіз мүсіндеген шатқалдар көркімен көз баурайды. Таңғажайып лабиринттер мен аркалардың әлеміне енгендей күй кешесіз.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 сәуір 2024