Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Бәйтерек" холдингі 7,6 млн шаршы метр тұрғын үй құрылысын қаржыландырады

kz.kursiv.media

Бәйтерек холдингі 7,6 млн шаршы метр тұрғын үй құрылысын қаржыландырады

«Бәйтерек» холдингі тұрғын үй кезегіндегі азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін 839 млрд теңгеге әкімдіктердің облигацияларын сатып алмақ. Бұл қаржыға 7,6 млн шаршы метр әлеуметтік тұрғын үй салынады.

Ол 2033 жылға тұрғын үйге деген қарай қажеттіліктің 8,8%-ын құрайды. Холдинг сонымен қатар бюджеттен бөлінген қаражат есебінен кезекте тұрғандарға жеңілдікті несие беруді жалғастыруға ниетті.

«Холдингтің еншілес ұйымы – «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ мүдделі мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жақын арада халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 272 млрд теңге сомасына жекешелендіру құқығымен жалға берілетін тұрғын үй сатып алу жөніндегі бағдарламаны іске қосады. Бұл республика бойынша 1 млн шаршы метрден астам немесе 17,3 мың пәтерден астам дайын тұрғын үйді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры Әлия Мырзағалиева.

2023 жылдың соңында тұрғын үйге кезекте тұрғандардың саны шамамен 646 мың адамды құраған. Орташа жылдық өсім қарқыны 6,9%-ды сақтаса, 2033 жылға қарай, баспанаға мұқтаждар қатары 1,3 млн адамға жетуі мүмкін.

Жыл басында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі 2024-2033 жылдарға арналған даму жоспарын бекітіп, стратегиялық бағыттарын айқындаған. Маңызды бағыттың бірі – халықты тұрғын ұймен қамтамасыз ету.

Кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін даму жоспарының бүкіл кезеңінде 79,3 млн шаршы метр немесе жыл сайын 7,9 млн шаршы метр тұрғын үй салу қажет.

Тұжырымдама шеңберінде мынадай қолдау түрлері ұсынылған:

Бұған дейін депутат Ерлан Стамбеков тұрғын үй кезегінде тұрғандарды БҰҰ стандарты негізінде баспанамен қамтамасыз ету үшін жылына жалпы аумағы 19,2 млн шаршы метрге тең тұғын үй салу керегін айтқан.

БҰҰ стандарттары бойынша 1 адамға шаққандағы тұрғын үй алаңыныңнормасы 30 шаршы метрге сай келуге тиіс. 2022 жылдың соңындағы жағдай бойынша бұл норма Қазақстан бойынша орташа есеппен 23,6 шаршы метрді құрайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 сәуір 2024