Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Депутат су тасқынына қатысты фейк тарататындарды қатаң жазалауды ұсынды

kz.kursiv.media

Депутат су тасқынына қатысты фейк тарататындарды қатаң жазалауды ұсынды

Қазақстанда су тасқынына қатысты жалған ақпарат көп тарай бастаған. Сонымен бірге су тасқынын пайдаланып, ақша табуды көздеген интернет-алаяқтар да көбейіп кеткен. Бұл жайлы үкімет басшысына жолдаған сауалында мәжіліс депутаты Сергей Пономарев айтты.

Депутат соңғы күндері жалған ақпарат көбейіп кеткенін айтты. Айтуынша, «Қостанай облысындағы Қаратомар су қоймасы жарылуға жақын», «Жаңаөзенде су көтеріліп, жол жабылды», «зардап шеккендерге үкімет қазақстандықтардан ақша жинап жатыр», «Астанаға үлкен көлемде су келе жатыр, бізде онымен онымен күресетін ешкім жоқ» деген сыңайда ақпараттар тараған. Мұндай сарындағы ақпараттарды тек әлеуметтік желілерден ғана емес, кейде ресми БАҚ-тардан кездестіріп қалуға болатынын айтқан депутат:

«Кейбір адамдар әлеуметтік желілерге сөзсіз сенеді, сыни тұрғыдан ойламайды және сенімді ақпаратты шындыққа ұқсас фейктен ажырата алмайды. Мұндай ақпараттардың тарап кетуі өте қауіпті»,- дейді.

Сонымен бірге Пономарев халықтың басына күн туғанда, апаттан ақша жасауды көздеген интернет-алаяқтардың қарасы көбейгенін айтты. Олар жәбірленушілерге деп ақша жинап, жалған банк шоттарына аударуды сұрайды. Сондай-ақ олар қауіпті сайттарға тіркелуді сұрап, онсыз да қиналып жүрген азаматтардың жеке деректерін ұрлап, аттарына несие рәсімдейді.

«Мұндай сарындағы жалғандар ақпарат үлкен дүрбелең туғызуы мүмкін. Мұндай дүрбелең одан зардап шекпеген аймақтарға таралып кетуі де мүмкін. Оның үстіне олар қиын жағдайда жұмыс істеп жатқан төтенше жағдайлар қызметінің жұмысына кедергі келтіреді»,- дейді депутат.

Депутаттың айтуынша, қазіргі уақытта су тасқынына қатысты жалған ақпарат таратқан 40 азаматқа ескерту жасалған. Осыған орай депутат жалған ақпарат тарататын пабликтерді анықтап, оларды қатаң жауапкершілікке тартуды ұсынды. Сонымен бірге Мәдениет және ақпарат министрлігіне жалған жаңалықтарды қадағалап, түсіндірме жұмыстарын жүргізуі қажет деп санайды. Қажет болған жағдайда мұндай сайттарды жабу мәселесін қарастыруды ұсынды.

Еске сала кетсек, Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жинау туралы әр үшінші хабарламаның алаяқтық екенін анықтаған. 3 күн ішінде алты үлкен чатта 50-ге тарта жалған хабарландыру таралған.

Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев желіде су тасқынына қарсы штабтардың жалған аккаунттарын ашып, ақпарат тартушыларға ескерту жасады. Бозымбаев су тасқыны кезінде дүрбелең тудыратын жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды. Ақпаратқа сүйенсек, әлеуметтік желіде жалған ақпараттың тарауы табиғи апатпен күресіп жатқан адамдардың жұмысын қиындатып жатыр. Вице-премьер атап өткендей, мұндай жалған ақпараттар қоғамда, әсіресе, зардап шеккен өңірлерде жиі дүрбелең тудырады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 сәуір 2024