Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жол жөндеуге кететін шығын қысқарып, ТЖ резерві артады: Қаржы министрлігі республикалық бюджетке өзгеріс енгізбек

kz.kursiv.media

Жол жөндеуге кететін шығын қысқарып, ТЖ резерві артады: Қаржы министрлігі республикалық бюджетке өзгеріс енгізбек

Қаржы министрлігі инфрақұрылымы жобаларына жұмсалатын қаржы көлемін қысқартпақ. Есесіне үкіметтің төтенше жағдай салдарын жоюға арналған резервін 7 млрд теңгеден 59,3 млрд теңгеге дейін арттырмақ.

Министрлік «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке» өзгерістер енгізетін қаулы жобасын «Ашық НҚА» порталына жариялаған. Қоғамдық талқы 22 сәуірге дейін жалғасады.

Сонымен қатар ҚР Үкіметінің резерві 467,3 млрд теңгеден 494,3 млмр теңгеге дейін артады. Ал шұғыл шығындарға арналған резервінің көлемі 458 млрд теңгеден 432,6 млрд теңгеге азаймақ.

Шығынды қысқартуға қатысты өзгерістер 2024 жылы бюджеттік инвестицияларды 2,286 триллион теңгеден 2,281 трлн теңгеге дейін қысқартуды көздейді. Нәтижесінде 5 млрд теңге үнемделмек.

Министрлік биыл нысаналы даму трансфертті 161 миллиард теңгеден 155 миллиард теңгеге дейін қысқартпақ.

Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалануға бөлінетін қаржы – 32,6 млрд теңгеден 31,3 млрд теңгеге дейін қысқарады. Газ тасымалы жүйесін дамытуға бөлінетін қаржы азаймақ. Министрлік Алматы мен Түркістан облыстарының, сондай-ақ Астананың бюджетін қысқартты.

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығына көзделген қаражат 14,8 млрд теңгеден 13,8 млрд теңгеге дейін азаяды. Маңғыстау облысындағы қоршаған ортаны қорғау объектілерін салуға және қайта жаңартуға, сондай-ақ Алматы облысының су ресурстарын тиімді басқаруға қаражат азырақ бөлінеді.

Көлік және байланыс саласына бағытталатын қаржы 37,3 млрд теңгеден 34,3 млрд теңгеге дейін кемиді. Министрлік республикалық бюджеттен Абай және Павлодар облыстарында жол жөндеуге жұмсалатын шығынды қысқартады. Шымкент қаласына қатысты бұл тармақ толығымен алынып тасталмақ. Нәтижесінде бұл 2 триллион теңге үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте Қаржы министрлігі Ұлттық қордан Павлодар облысы мен Шымкентке көбірек қаражат жіберсе, Абай ауданына Ұлттық қордан бағытталатын қаржы азаяды.

Сонымен қатар 2024–2026 жылдары агроөнеркәсіптік саласындағы инвестициялық жобаларға, облыстық бюджеттерге несие беру шығыны да азаяды.

2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Заң 2023 жылы желтоқсанда бекітілген. 2024-2026 жылдары Ұлттық қордан бюджетке 6 трлн теңге кепілдендіріген трансферт бөлінеді.

Наурыздан бері еліміздің бірнеше аймағын су басып жатыр. Тұрғындар эвокуацияланып, қауіпсіз жерге көшірілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынын «көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат» деді.

Қаржы министрі Мәди Тәкиев су тасқынынан зардап шеккендерге жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылғанын айтқан болатын. Ол бұл қаражат жетпесе, үкімет резерві бар екенін еске салды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 сәуір 2024