Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Флебология және лазерлі медицина клиникасы аяқ зақымдануын емдеу бойынша кеңес береді

kz.otyrar.kz

Флебология және лазерлі медицина клиникасы аяқ зақымдануын емдеу бойынша кеңес береді

Қазіргі таңда қант диабетінің асқынуы салдарынан аяқ ампутациясына жүгінетін пациенттер көбейіп келеді. Дегенмен, егер дұрыс емдеу әдісі таңдалса, онда ампутацияның 80% – дан астамын болдырмауға мүмкіндік бар. Жергілікті хирург дәрігерлермен тәжірибе алмасу үшін флебология және лазерлік медицина клиникасына Мәскеуден аяқ-қолды ампутациядан сақтау бойынша жоғары білікті маман-Музафар Маматқұлов келді. Клиника 18 сәуірге дейін үздік қан тамырлары хирургтарының бірінен кеңес пен ем алуға мүмкіндік береді.

Шымкенттегі Владимир Высоцкий мұражайының сақтаушысы және альпинист – Марс Садықов екінші типтегі қант диабетінің асқынуына байланысты аяғынан айырылып, мүгедек болып қалуы мүмкін еді. Алайда, ол жағдайға қол сілтеп, беріле салмай, емдеуді бастады. Оған мамандар ампутацияның алдын алуға, сонымен қатар белсенді өмір салтын жалғастыруға мүмкіндік берді.

Марс Садықов, емделуші: «Дәрігерлер адамдардың аяқ-қолын аман сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Осы дәрігерлердің арқасында мен 5 жыл бойы екі аяғыммен жүгіріп, белсенді түрде туризммен айналысамын. Музафар Муродович маған операция жасады, дәрігерлерге үлкен рахмет. Бізде де осындай орталық ашылса деген тілек бар».

Флебология және лазерлік медицина клиникасында жүргізілетін мамандандырылған, жоғары технологиялық көмектің сапасын арттыру жалғасады. Бұл мақсатта жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасу үшін түрлі елдерден мамандар шақырылады. Бұл жолы тұрғындарды қабылдауды Мәскеуден аяқ-қолды ампутациядан құтқару жөніндегі маман Музаффар Маматқұлов және Израильден келген флеболог Дмитрий Росуховский жүргізеді.

Рустамбек Келімбетов, қан тамырлары хирургы, флебология және лазерлік медицина клиникасының бас дәрігері: «Өте мықты, тәжірибелі дәрігер, аяқ-қолдарды құтқару орталығының маманы, Мәскеу қаласынан келген маман 4 күн ішінде науқастарды қабылдайды. Қан тамырлары хирургі, флеболог, медицина ғылымының кандидаты да науқастарды қабылдайды. Дәрігерлерге де есік ашық. Келіп, осы дәрігерлердің жұмыстарын көріп, үйренуге болады».

Мәскеулік маман Музафар Маматқұловтың айтуынша, пациенттердің аяқ-қолдарын аман сақтап қалуда көпсалалы тәсіл қолданылады. Бір стационар аясында аяқ-қолды қалпына келтіру бойынша кез келген мәселелер кешенді түрде шешіледі.

Музафар Маматқұлов, аяқ-қолды ампутациядан құтқару бойынша маман (Мәскеу қ.):«Қазір әлемде ДДҰ мәліметі бойынша екінші типтегі қант диабетінен 527 миллион адам зардап шегеді және асқынулар ампутацияға әкеледі. Біз өзіміздің әдіс-тәсіліміз арқылы аамдардың аяқ-қолын 70-90% жағдайда аман алып қала аламыз. Біз пациенттерді белсенді өмір салтын сақтау үшін күресуге үйретеміз».

Жұлдызша тамырлар бір қарағанда тек эстетикалық проблема ретінде көрінуі мүмкін. Бірақ ақау қан айналымының қауіпті ауруларының хабаршысы болуы да ғажап емес. Сондықтан дәрігерлер оларды назардан тыс қалдырмау қажет екенін айтады. Бүгінгі таңда заманауи және жеңіл емдеу әдістерінің арқасында мәселені бір күнде шешуге болады.

Дмитрий Росуховский, дәрігер-флеболог (Израиль): «Бұл орталықта мен варикоз, яғни жұлдызша тамырларын жоюдың жаңа әдісін ұсынамын және оны емдеуді жүргіземін. Клиникада «өшіргіш» әдісін жүргізуге мүмкіндік беретін жабдық бар – бұл Крио-ауырсынуды басатын лазерлік склеротерапия. Емдеу тәсілі ыңғайлы және қажетсіз тамырлардан мүмкіндігінше тез арылуға көмектеседі».

Аяқ-қолдың ампутациясы қаупін тудыратын ишемия мен диабеттік аяқ синдромының алдын алуды күшейту мақсатында қан тамырлары хирургі Музафар Маматқұлов «Қол мен жіліншік тамырларының өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми семинар мен шеберлік сабағын белсенді түрде өткізді».

Мекен-жайы: Ш. Уәлиханов көшесі, 200 «Б», «Қазандық» аялдамасыБайланыс нөмірі: +7 7252 60-68-57, +7- 701 770 68 57 Instagram: @lazernaya_medicina_kz

№010793 Лицензия 21.12.16ж ОҚО Денсаулық сақтау басқармасымен берілді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 сәуір 2024