Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АҚШ-тың мұнай қоры туралы мәліметтер мұнай бағасына кері әсер етті

kz.kursiv.media

АҚШ-тың мұнай қоры туралы мәліметтер мұнай бағасына кері әсер етті

АҚШ-тағы мұнай қорының өсімі туралы мәліметтер жарияланғаннан кейін, мұнай бағасы арзандады.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстерінің бағасы барреліне 89,31 долларға дейін 0,71 долларға (0,79%) төмендеген.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) мамыр айына арналған WTI фьючерстері 0,56 доллар (0,66%) арзандап, барреліне 84,8 долларды құрады.

АҚШ-тағы мұнайдың коммерциялық қоры өткен аптада 2,74 миллион баррельге өскен. Бұл туралы елдің Энергетика министрлігінің апта сайынғы есебінде жазылған. Ал бензин қоры 1,15 миллион баррельге, дистилляттар 2,76 миллион баррельге қысқарды.

S&P Global Commodity Insights сауалнамасына қатысқан сарапшылар мұнай қоры 2,9 миллион баррельге жетіп, сондай-ақ бензин қоры 900 мың баррель, ал дистилляттар қоры 1,1 миллион баррельге азаяды деп болжаған.

NYMEX-те сатылатын шикі мұнай сақталатын Cushing терминалындағы қор бір апта бұрын 170 000 баррельге дейін төмендеп барып, қайта 33 000 баррельге өсті.

Сондай-ақ мұнай бағасына бағасына Федералдық резерв жүйесі негізгі пайыздық мөлшерлемелерді нарық күткеннен ұзағырақ жоғары деңгейде сақтайды деген пікір қысым көрсетеді. Бұл АҚШ экономикасы мен мұнайға сұранысқа кері әсер етуі мүмкін.

Таяу Шығыстағы текетірес салдарынан әлемдік нарықтағы мұнай бағасы өткен аптада барреліне 90,5 доллардан асқан болатын. Кейбір сарапшылар Израиль Иранға қарсы соққы жасаса, мұнай бағасы 100 доллардан асып кетеді деген пікір білдірген.

Халықаралық валюта қоры Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленіске қарамастан, мұнай бағасы 2024 жылы 2,5%, яғни барреліне 78,6 долларға дейін арзандайды деген болжам жасаған. 2025 жылы барреліне 6,3%-ға – 73,7 долларға дейін төмендеуі ықтимал.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 мамыр 2024