Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ҚТЖ су тасқынына байланысты Алматыдан Атырауға қосымша пойыз жібереді

kz.kursiv.media

ҚТЖ су тасқынына байланысты Алматыдан Атырауға қосымша пойыз жібереді

«Қазақстан теміржолы» су тасқынына байланысты Алматыдан Атырауға және кері бағытта қосымша пойыз іске қосады.

Тасымалдаушы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қосымша пойызды қосу су тасқыны қаупі бар аймақтардан 700-ден астам жолаушыны тасымалдауға көмектеседі.

215/216 «Алматы-Атырау» пойызының кестесі:

«№215/216 «Алматы-Атырау» пойызына билеттер купе вагондарына да, плацкарт вагондарына да қолжетімді. Қосымша пойыз билеттерін сату 17 сәуірде басталды. Комиссиясыз билеттерді сайттан сатып алуға болады», – делінген хабарламада.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірінен алуға болады.

Су тасқынына байланысты осы кезге дейін елде 117 694 адам, оның ішінде 43 931 балаэвакуацияланған. Олардың ішінде 18 651 адам өз үйлеріне оралған. Қазіргі таңда эвакуациялау пункттерінде 6 887 адам, оның ішінде 3 166 бала бар.

Қазіргі таңда аймақтарда су қарқыны бәсеңдей бастаған. Алайда БҚОөдf әлі де қауіп жағдай сақталған. Батыс Қазақстан облысында жергілікті маңызы бар автожол арқылы 1 судың өтуі және 24 жол төсемін су шайып кеткен. Көлік қатынасы жоқ 9 елдімекен бар (Қаратөбе ауданы: Қособа, Аққозы, Қоржын, Ақтайсай, Бесоба, Алакөл, Сәуле, Қарақамыс ауылдары, Шыңғырлау ауданы: Ақтау ауылы). Аймақтағы 2 994 үйді су басқан.

ТЖМ ақпаратына сүйенсек, ел бойынша 10,1 млн. м3 астам еріген қар суы сорылып, 4216 тұрғын үй мен 2698 аула аумағынан су бұрылды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 мамыр 2024