Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бишімбаев соты: Байжанов телефон соққан дәрігер Салтанаттың өлімі туралы тың мәлімет айтты

paryz.kz

Бишімбаев соты: Байжанов телефон соққан дәрігер Салтанаттың өлімі туралы тың мәлімет айтты

Бұған дейін Бақытжан Байжанов Нүкенова қаза тапқан күні дәрігерге қоңырау шалғанын айтқан болатын.

Байжановтың сөзінше, ол дәрігерден «мас адамның ұзақ ұйықтауы қалыпты ма?» деп сұраған.

«Мен нарколог емес екенімді айттым. Бірақ алкогольден мас болудың қауіпті екенін ескерттім, сондықтан жедел-жәрдем шақыруға кеңес бердім», - деді куәгер.

Байжановтың адвокаты одан «Байжановқа мүсәтір спиртін ал деген сіз бе?», деп сұрады. Куәгер оны жоққа шығарды. Содан кейін адвокат Бишімбаевқа сұрақ қойды:

«Сіз осы уақытқа дейін осы дәрігер, яғни, Ерсұлтан Сәрсенбаев мүсәтір спиртін алуға кеңес берді» дедіңіз. Бұны қалай түсіндіресіз?», - деді.

Бишімбаев оған дәрігердің өзіне тікелей емес, Байжанов арқылы айтқанын жеткізді.

Бақытжан Байжанов Бишімбаевтың сөзін теріске шығарып тұр. Ол «мен мүсәтір спиртін түскі 13.27 кезінде алып келдім, ал Ерсұлтанға сағат 15.33 шамасында хабарластым. Сондықтан бұл жерде ешқайдай қисын жоқ», - дейді адвокат.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 мамыр 2024