Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тасқын судан зардап шеккен кредиттік берешегі бар тұрғындардың біржолғы төлемін банктер ұстап қалған - депутат

kz.kursiv.media

Тасқын судан зардап шеккен кредиттік берешегі бар тұрғындардың біржолғы төлемін банктер ұстап қалған - депутат

Сенат отырысында депутат Әсем Рахметова премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, тасқын судан зардап шеккендерге келген залалды өтеу қағидаларына өзгеріс енгізуді сұрады. Айтуынша, өңірлерде үйінің құжатын рәсімдеп үлгермеген және шығынын құжат жүзінде дәлелдей алмайтын тұрғындар бар.

Естеріңізде болса, президент тасқын судан зардап шеккен адамдардың бірде-біреуі ескерусіз қалмайтынын айтты. Сондай-ақ қаржылық және басқа да көмек берілетінін, материалдық шығындар толық өтелетінін мәлімдеді. Алайда осы көмек кейбір зардап шеккен адамдарға бұйырмай қалуы мүмкін. Депутат оның себептерін атады.

«Қазір облыстарда біржолғы өтемақы мен келтірілген шығын бойынша төлемдер жасауға құжаттар қабылдануда. Зардап шеккендермен кездесу барысында жергілікіті тұрғындар депутаттарға өтемақы алу бойынша біраз түйткілді мәселелерді жеткізді. Мәселен, үйлері құлап немесе су шайып кеткендер үшін материалдық шығынды дәлелдеу қиындық туғызады. Олардың ішінде үйлерін, қора-жайларын салып, бірақ жылжымайтын мүлікті тіркеп үлгермегендер де бар. Бау-бақша серіктестіктерінде тұрып жатқандар қазірдің өзінде «мемлекеттен берілетін материалдық көмектен қағыламыз ба?» деп алаңдаулы», – деді депутат.

Сонымен бірге мемлекет көмегі су басқан елдімекендердегі үйлерде жалға тұратын адамдарға да берілмейді. Ал төленіп жатқан бір реттік төлем берілген күннің өзінде барлық тұрғынға бұйырмаған. Депутат берешегі көп тұрғындардың төлемін бұғатталған шоттардан банктер кредиттік қарызды жабуға ұстап жатқанын айтты.

«Үйлері суда тұрған, өздері эвакуациялық пунктерде бас сауғалаған тұрғындар осы мәселелердің оң шешімін күтуде», – дейді Рахметова.

Осыған байланысты депутат Олжас Бектеновтен табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге зиянды өтеу қағидаларына мынадай өзгерістер енгізуді ұсынды:

Еске сала кетсек, үкімет тасқын судан зардап шеккендерге өтемақы беру алгоритмін әзірледі. Алгоритмге сәйкес шығынды өтеуге апат басталған күннен бастап, күнтізбелік 30 күн ішінде өтініш білдіру керек.

Әкімдік өтініш тіркелген күннен бастап 10 күн ішінде бағалаушы көмегімен келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды ұйымдастырады. Жәбірленуші бағалау жүргізілетін уақыт пен орынды анықтайды. Кейін жәбірленушіге бағалау туралы есеп танысуға беріледі.

Әкімдік бағалаушы қорытынды шығарғаннан кейін 30 жұмыс күні ішінде аражат бөлу туралы шешім қабылдайды. Ол облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның т.б. бюджетін атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.

Мұндай шешім шыққан соң, зардап шеккендерге күнтізбелік 30 күн ішінде төленеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 мамыр 2024