Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Теңгенің нығаюына бейрезиденттер тарапынан Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына деген сұраныс әсер еткен

kz.kursiv.media

Теңгенің нығаюына бейрезиденттер тарапынан Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына деген сұраныс әсер еткен

Жұма күні сауда-саттықта теңге сәл нығайды. Теңге бағамына сауда балансының жақсаруы мен бейрезиденттердің Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына деген сұранысы жағымды әсер еткен. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының шолуында жазылған.

Валюта сауда-саттығында USD/KZT жұбы 245,3 млн доллар сауда көлемімен 446,44 теңгеге (-T0,91) түскен. Ұлттық валютаның нығаюына сыртқы нарықтағы қолайлы жағдай, соның ішінде мұнай бағасының біршама қалпына келуі мен АҚШ доллары индексінің төмендеуі ықпал етті.

Сонымен қатар сарапшылар жергілікті валюта нарығында теңге сауда балансының жақсаруы, бейрезиденттердің Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына сұранысы теңге бағамына қолдау көрсеткен. Әлемдік нарықта Brent маркалы мұнай барреліне 87,3 доллардан саудаланған. Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі мұнай бағасын құбылтып тұр. Кейбір сарапшылар қара алтын бағасы алдағы уақытта барреліне 100 доллардан асып кетуі мүмкін деген болжам жасаған.

Одан бөлек, теңгеге Ұлттық банктің Ұлттық қор валютасын ірі көлемде сатуы да жағымды әсер етіп жатыр. Ұлттық банк наурыз айында Ұлттық қордан 748 млн доллар сатқан болатын. Ал сәуір айында сатылатын валюта көлемін 1-1,1 млрд долларға жеткізуді жоспарлаған. Яғни қордан сатылатын валюта көлемі үштен бір есе артпақ.

Наурыз айында теңге бағамы 0,9%-ға нығайып, 1 АҚШ доллары 446,77 теңгені құраған. Қазақстан қор биржасында бір айдаға сауда-саттық 3,8 млрд АҚШ долларына тең болды.

Оған қоса, валюта нарығында Ресей рубльі құнсызданып жатыр. Қазіргі кезде 1 АҚШ доллары шамамен 93 рубльден саудаланып жатыр. Экономистер рубльдің күрт құнсыздануы теңге бағамына қосымша қысым тудыруы мүмкін екенін айтқан.

Экономист Ғалымжан Айтқазинов Ресей валютасының арзандауы Қазақстанның валюта нарығына айтарлықтай сын-қатер деп пайымдайды. Өйткені өзге валюталар бағамы тең болып тұрғанда, Ресей рубльінің қатты құнсыздануы теңгеге қосымша қысым тудырады. Ал Ресей – Қазақстанның ірі экономикалық серіктесі. Бұл өз кезегінде экспорт-импорт көрсеткіші мен нақты валюталық түсім арасында айырмашылық тудырады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 мамыр 2024