Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мамырда ылғалдылық қалыпты жағдайда болады

almaty-akshamy.kz

Мамырда ылғалдылық қалыпты жағдайда болады

Қазгидромет мамыр айында күн райына қатысты болжам жариялағанын мәлімдеді “Қазгидромет” РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

«Жалпы, 2024 жылдың мамырында негізгі егін шаруашылығы өңірлерінде ылғал көбінесе нормаға жуық және жоғары болады деп күтіледі. Қызылорда облысының Қармақшы ауданында атмосфералық құрғақшылық күтілуде, мұнда жауын-шашын тапшылығы мен ауа температурасының жоғарылауы болжанады. Мамырда Қостанай облысының Қарасу ауданында, Батыс Қазақстан облысының Бурлин, Сырым және Қаратөбе аудандарында, Павлодар облысының Ертіс және Успенка аудандарында және Павлодар қаласында өте ылғалды болады деп күтіледі», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайы нормаға жуық болмақ. Болжам www.agrodata.kz қосымшасында және «Қазгидромет» РМК ресми сайтында жарияланды. Қажет болған жағдайда алдын ала болжам нақтыланады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 мамыр 2024