Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қытай ғалымдары полиэтиленді пайдаға асыру жолын тапты

almaty-akshamy.kz

Қытай ғалымдары полиэтиленді пайдаға асыру жолын тапты

Бұл жайында islam.kz порталы N + 1 ақпарат көзіне және Nature Chemistry мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ғалымдардың бұл жаңалығы өз кезегінде полиэтиленнен жоғары октандық саны 88 болатын тармақталған алкандардың (Алкандар — молекула құрамындағы көміртек атомдары өзара тек дара σ-байланыстар арқылы байланысқан жалпы формуласы CnH2n+2 болатын алифатты қаныққан көмірсутектер – Уикипедия электронды энциклопедиядан) қоспаларын алуда, сонымен қатар, деполимерлену процесін зерттеуде пайдалануға болады. Аталмыш әдістің ең басты артықшылығы қосымша реагенттерді (Реагент - реакция орын алса, химиялық реакция немесе сынау тудыратын жүйеге қосылған қоспа немесе қоспасы. Реагент реакцияның пайда болуына себеп болатын нақты химиялық зат бар-жоқтығын анықтау үшін пайдаланылуы мүмкін - kk.eferrit.com дерек көзінен) мейлінше аз қолдануында жатыр.

Полиэтилен – бірыңғай байланыс арқылы қосылған көміртегі атомдарының ұзын тізбегінен тұратын полимер. Ол мықтылығына әрі түрлі химиялық әсерлерге төзімділік танытуына байланысты орау немесе қаптау материалдарын өндіруде кеңінен қолданылады. Қарапайым полиэтилен бейорганикалық қышқылдармен және сілтілермен әрекеттеспейді. Бүгінгі таңда дүниежүзілік химия өнеркәсібі жылына 100 миллион тоннаға жуық полиэтилен өндіреді. Сондықтан оны тиімді өңдеу тәсілдерін іздестіру ғылыми қоғамдастықтың маңызды міндетіне кірген. Қытай ғылым академиясының химия институтының Хан Бусин бастаған ғалымдар тобы полиэтиленді тармақталған алкандар қоспасына айналдыру үшін LSP-Z100 кеуекті цеолиті арқылы инновациялық шешім ойлап тапты.

Алынған өнімді автокөлік отыны ретінде сәтті пайдалануға болады, бұл пластик қалдықтарын қайта өңдеу саласын жаңа белеске көтереді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 мамыр 2024