Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қор биржасына шолу: АҚШ нарықтары қалпына келіп, 100 пайыз қорғанысы бар жаңа ETF тіркелді

kz.kursiv.media

Қор биржасына шолу: АҚШ нарықтары қалпына келіп, 100 пайыз  қорғанысы бар жаңа ETF тіркелді

АҚШ компанияларының акциялары алты күндік сатылымнан кейін қайта қымбаттады. BlackRock ФРЖ биыл мөлшерлемені екі рет төмендетуі мүмкін деген болжам жасап отыр. Сонымен қатар АҚШ-та 100% қорғалған жаңа ETF тіркелуде. Осы және өзге де тақырыптарды әлемдік БАҚ-қа шолудан оқыңыздар.

Бір күн бұрын Америка қорлары қайта өсе бастады: Dow индексі 0,67%-ға өссе, Nasdaq 1,11%-ға, S&P 500 0,87%-ға көтерілді. Bloomberg мәліметі бойынша, бұған дейінгі алты сауда сессиясында эмитенттер капиталдандырудан 2 триллион доллар жоғалтқан. Осы аптада америкалық компаниялар 2024 жылдың бірінші тоқсаны үшін есеп беруін жалғастырады және нарыққа олардың көрсеткіштері қатты әсер етеді.

Осы аптада нарық 180 компанияның есебін тосып отыр. Бұл – S&P 500 нарықтық капиталының 40%-дан астамы. Үлкен жетілік есебін күтетіндер көп. Олардың кірісі жыл сайын 38% өседі деп болжам жасалған (Bloomberg Intelligence деректері).

Сонымен қатар сарапшылардың Уолл-стритттегі жетекші банктердің акциялары инвестор үмітін қаншалықты ақтай аларына қатысты пікірі екіге жарылды.

Morgan Stanley өкілі Майкл Уилсон АҚШ экономикасы нығая түскен сайын табыс өсетінін айтса, оның JPMorgan-дық әріптесі Мислав Матейка инфляцияның жоғары деңгейі, доллардың күшеюі және геосаяси шиеленіс болжамды бұлыңғыр етіп отырғанын айтты.

BlackRock сарапшысы Рик Ридер ФРЖ ставкаларды биыл екі рет төмендете алады деп есептейді. Ол сондай-ақ АҚШ-тағы инфляция алдағы айларда бәсеңдейді деп тұжырымдайды.

Ридер BlackRock ұзақ мерзімді инвестициялардың жоғары құбылмалылық тәуекелдерін болдырмас үшін қысқа мерзімді инвестицияларға көбірек көңіл бөлетінін айтады. Оның пікірінше, ФРЖ «инфляцияға қатысты бірнеше жақсы есептен кейін» мөлшерлемелерді төмендету туралы шешім қабылдайды. Содан кейін ұзақ мерзімді инвестицияларға оралуға болады.

Ал Своп-трейдерлер ФРЖ ақша-несие саясатын жақын арада жеңілдетеді деп күтпейді. Тек 2024 жылдың соңына қарай мөлшерлеме шамамен 40 базистік тармаққа төмендеуі ықтимал.

Bloomberg жақын арада Құрама Штаттарда 100 пайыз қорғанысы ETF пайда болады деп жазады. Ол «құрылымдық қорғанысы» бар биржалық сауда қорлары деп аталады. Calamos Investments инвестициялық фирмасы осындай қор ашуға өтініш берген. Ол S&P 500, Nasdaq 100 және Russell 2000 кірісінің бір бөлігін бақылау үшін опиондар арқылы жұмыс істейтін болады.

Алғаш іске қосылатын қор Calamos S&P 500 Structured Alt Protection ETF болады, ол SPDR S&P 500 ETF Trust (SPY коды) 9,65% шегіне дейін қайтаруға сәйкес келуі тиіс. Бірақ толық қорғауды қалайтын инвесторлар оларды іске қосу күні – 2024 жылдың 1 мамырында сатып алып, 2025 жылдың 30 сәуіріне дейін ұстауы керек.

АҚШ-тағы 100% төмендеу қорғанысы бар ұқсас қор, Innovator Equity Defined Protection ETF (TJUL) 2023 жылдың шілдесінде іске қосылғаннан бері 230 миллион долларға дейін өскен. Әлемдегі ең ірі ETF эмитенті – BlackRock де құлдыраудан қорғайтын қорларға өтініш берген.

Дүйсенбі күні алтын бағасы күрт төмендеді, деп жазады Market Watch. Оған Таяу Шығыстағы шиеленістің бәсеңдеуі себеп.

Dow Jones дерегі бойынша, Comex биржасында маусым айында жеткізілетін алтынның бағасы 67,40 долларға немесе 2,8%-ға арзандап, унциясы үшін 2 346,40 долларды құраған. Бұл – 5 сәуірден бергі ең төменгі көрсеткіш. Күміс 1,60 долларға немесе 5,5%-ға арзандап, унциясы үшін 27,25 долларды құрады. Сессияның төмендеуі 2021 жылдың 17 маусымынан бергі ең үлкен көрсеткіш болды.

Алтын жыл басынан шамамен 13,3%-ға өскен. Оның бағасы Израиль мен Иранның өзара шабуылдарынан кейін күрт өсті. Күміс болса, биылғы жылы 13,1%-ға өскен алтынның өсіміне сәйкес келді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 мамыр 2024