Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

МСҚ Алматыда онкологиялық аурулардың алдын алуға 4 млрд теңге бөлді

almaty-akshamy.kz

МСҚ Алматыда онкологиялық аурулардың алдын алуға 4  млрд теңге бөлді

2024 жылы Медициналық сақтандыру қоры Алматыда онкологиялық дерттерді ерте анықтау шараларына 4 млрд теңгеге жуық қаржы бөлді. Арнайы скринингтік тексерулер обырдың үш түрін ерте анықтауға мүмкіндік береді.

Скринингтік зерттеулерден қалай өтуге болады және бұл тексерулердің маңызы қандай? Бұл туралы МСҚ Алматы филиалы өкілдері әңгімелеп берді.

Хабарламаға сүйенсек, биыл 228 мыңға жуық алматылық тұрғын онкологиялық тексерулерден өтуі тиіс.

Скрининг арқылы қандай сырқаттарды анықтауға болады?• Жатыр мойны обырын ерте анықтау – 30-70 жас аралығындағы әйелдер • Сүт безі обырын ерте анықтау – 40-70 жас аралығындағы әйелдер • Колоректальды обырды ерте анықтау – 50-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер

Скринингтен өту жиілігі қандай?Скринингтік зерттеулердің кей түрі бес жыл сайын, кейбірі – екі немесе төрт жыл сайын жасалады. Мысалы, сүт безі ісігі мен колоректалды обырға 2 жылда 1 рет, ал жатыр мойны обырына – 4 жылда 1 рет тексерілу қажет.

Скринингтік бағдарламаға қандай қызметтер кіреді? Әйелдер жатыр мойны обырына тіркелген емхана арқылы тексеріледі. Акушер-гинеколог, онколог пен маммолог сынды мамандар кеңесіне жүгініп, УДЗ, маммография сынды тексерулерден өте алады. Сонымен қатар, сүт безі обырының алдын алу үшін видеокольпоскопия немесе кольпоскопия, ПАП-тест, пункциялық биопсия мен гистологиялық зерттеулерге тапсыруға болады.Колоректалды обырдың алдын алуға арналған тексерулерден ерлер де, әйелдер де өтуі тиіс. Профилактикалық іс-шаралар барысында олар хирург, онколог, гастроэнтеролог пен проктолог мамандардан кеңес алады. Сондай-ақ, үлкен дәреттегі жасырын қанды тексеру мақсатында шұғыл әдіспен гемокульт-тест тапсырады, жалпы видеоколоноскопию, эндоскопиялық биопсия және гистологиялық тексерулерден өтуге болады. Профилактикалық тексерлер МӘМС пакетіне енген, сондықтан скринингтен өтетін азамат сақтандырылған болуы шарт.

Скрининг өткеннен кейін не істейміз?Скринингтік зерттеуден өткен пациенттер денсаулығынан ақау табылған жағдайда салалық мамандардың консультациясына жіберіледі, қажет болғанда ем тағайындалады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 мамыр 2024