Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматылық травматологтар 92 жасар Украина азаматын аяғына тұрғызды

almaty-akshamy.kz

Алматылық травматологтар 92 жасар Украина азаматын аяғына тұрғызды

Антонина Лавриненко Алматыға немересіне қонаққа келген. Түнде әжей өз бөлмесінде құлап, оң жақ сан сүйегінің жабық ұршықастар сынығы ауыр жарақатын алған. Мұндай жағдайда шұғыл хирургиялық араласу қажет - травматологтар сан сүйегі бөліктерін ішкі бекіту арқылы қайта орналастырады, әйтпесе пациент қозғала алмай қалуы мүмкін.

92 жастағы науқас шетел азаматы, сондықтан немересі көмек іздеп бірнеше жеке клиникаға барған. Жасы мен ота кезінде асқыну қаупіне байланысты ота жасауға әжейді ешкім алмаған.

«Әжем құлаған соң оны қалалық травматологиялық орталықтың біріне апарып, алғашқы медициналық көмек алдық. Әжемнің жасына байланысты оған ота жасау ұсынылмады. Оң аяққа деротационды етікше салынып, кем дегенде 2 ай төсек демалысы ұсынылды. Жеке клиникада бірнеше рет кеңес алдық. Бізге 91 жастағы қарт адам үшін бұл әдіспен сүйек 6 айдан астам уақыт бойы жазылады, әрі сауығып, одан кейін жүре алатыны екіталай екенін айтты. Бұл бірқатар қайтымсыз салдарға, соның ішінде төсек демалысына байланысты басқа органдардың асқынуына, тіпті өлімге әкелуі мүмкін екен. Бұл ретте барлығы әжеме ота жасауға кеңес берді, бірақ оның жасына байланысты бірде-бір жеке клиника оны қабылдамады. Біз №4 қалалық клиникалық ауруханаға хабарластық. Төртінші қалалық аурухананың дәрігерлері мен медбикелерінен құралған бригаданың қатаң бақылауымен бүкіл тарихымызды зерттеп, тексеріс, сынақтардан кейін әжемді емдеуге алды. Гамма өзекті пайдаланып, оң жақ сан сүйегі бөліктерінің жабық репозициясы отасы жасалды. Отадан кейін бір аптадан соң әжеміз арнайы жүріс арбасымен жүре алды. Қабылдау бөлімінің меңгерушісі Хайроев Магадин Микайловичке және №4 қалалық клиникалық аурухананың ұжымына кәсіби шеберлігі мен ілтипаты үшін көп РАХМЕТ. Бір жарым ай өткен соң, бүгін бізде бақылау тексеру болды. Әжем қазір таяқпен жүре алады! Мың алғыс!» - дейді немересі Тимур.

№4 қалалық клиникалық ауруханаға 1932 жылы туған науқас оң жақ жамбас буыны аймағындағы ауру сезіміне және оң аяқтың тірек функциясының бұзылуына шағымданып түскен. Науқас жарақатты бір күн бұрын оң жақ жамбас буынына құлап алған. Диагнозы: сүйек бөліктерінің ығысуымен оң жақ сан сүйегінің жабық ұршықастар сынуы. Науқас бірден ортопедиялық хирургия бөліміне хирургиялық емдеуге жатқызылды.

«Науқас ауруханаға жатқызылған күні біз оған шұғыл жамбас сүйегі бөліктерінің жабық репозициясын құлыптаушы интрамедуллярлық имплантпен ішкі бекіту отасын жасадық. Ота 1,5 сағатқа созылды. Хаттамаға сәйкес, науқас аурухана жағдайында аяғына тұрғызылды, ол жүріс арбасы көмегімен қозғала бастады. Ал бір аптадан соң жағдайы жақсарып, әжей амбулаторлық емделуге үйге шығарылды», - дейді №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімінің меңгерушісі, тәжірибелі травматолог-ортопед Магадин Хайроев.

Отаны қабылдау бөлімінің меңгерушісі М.М. Хайроев, ассистент травматолог-ортопед Н.М. Кисаков, анестезиолог-реаниматолог А.Е. Бижанов, оталық медбике Р.М. Аубакирова жасады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 мамыр 2024