Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бұршақ, найзағай, жел: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

newsroom.kz

Бұршақ, найзағай, жел: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстанда 25, 26 және 27 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Болжам бойынша, оңтүстік циклонның әсерінен 25-27 сәуір аралығында еліміздің оңтүстік жартысында, 25 сәуірде еліміздің солтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынды, солтүстік-батыс қиырында түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Қалған аумақта антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша екпінді жел соғады, түнде солтүстік және шығыс облыстарда тұман түседі.

"Суық фронт бірте-бірте еліміздің оңтүстік облыстарына ауысады, онда ауа температурасының түнде 0-12 градусқа дейін, күндіз 10-20 градусқа дейін төмендеуі күтіледі, солтүстік облыстарда суықтың шарықтау шегі сақталады. 25 сәуірде мұнда термометрлер түнде 0-8 аязға дейін, күндіз 5-13 градусқа дейін төмендедеуі күтіледі, содан кейін солтүстікте күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарлауын бастайды", - делінген хабарламада.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 мамыр 2024