Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда автобустың жаяу жүргіншілерді қағуы: Прокурор айыпты азаматты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

kz.kursiv.media

Алматыда автобустың жаяу жүргіншілерді қағуы: Прокурор айыпты азаматты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматыда прокурор автобус жүргізушісі Ермек Шөкебаеваны ұрған жолаушы Дархан Ахметжановты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Соққыдан жүргізуші әйел есінен танып, оның көлігі аялдамада тұрған жаяу жүргіншілерді қағып, үш адам қайтыс болған.

«Сотталушының жеке басын, жәбірленуші тараптың пікірін, қылмыстың қоғамға қауіптілігін ескере отырып, ҚР ҚК 337-бабын басшылыққа ала отырып, құрметті сот сізден, Ахметжанов Дархан Маратұлын ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі, ҚР ҚК 351-бабының 3-бөлімімен кінәлі деп танып, ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігімен 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды, ҚР ҚК 351-бабының 3-бөлімімен 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауыңызды, ҚР ҚК 58-бабының 3-бөлігін қолданып, онша қатаң емес жазаны, неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы түпкілікті 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, жазасын Қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге жолдауыңызды сұраймын», – деді прокурор.

Мемлекеттік айыптаушы Қылмыстық кодекстің 62-бабына сәйкес, үкім заңды күшіне енгенге дейін тергеу изоляторында отырған күндерін жаза тағайындау барысынан есептеп алып тастауды сұрады.

Сонымен қатар ҚК 98-бабына сәйкес, жәбірленушілерге Ахметжановтан 15 АЕК көлемінде (51 750 теңге – ред.) мәжбүрлі ақша өндіріп, сотқа дейінгі тергеу кезіндегі сараптамалық шығындарды мемлекет пайдасына өндіруді сұрады.

Прокурордан кейін сөз алған жәбірленуші, автобус жүргізушісі Ермек Шөкебаева мемлекеттік айыптаушының сөзімен келісетінін айтты.

Ал автобус басып өткеннен қайтыс болған азаматтардың туыстары бұл шешімге толыққанда келіспейтіндерін айтты. Олар оқиғаға тек Ахметжанов қана емес, автобус жүргізушісі Шөкебаеваның да кінәлі екендігін алға тартып, оған қатысты қозғалған істің ескертусіз жабылуына қарсылық білдірді.

32 жастағы Ахметжановқа бұзақылық жасады және көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін ережелерді бұзды деген айып тағылып отыр. Ол абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған әрекет жасаған деп күдікке ілінген. Қылмысы дәлелденген жағдайда Бұзақылық туралы бабы бойынша оған 2000 АЕК (7,4 млн теңге) дейін айыппұл салынып, екі жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін. Ал екінші адам өліміне алып келген іс әрекетіне байланысты ол сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұл іс бойынша сот наурыз айында басталған. 24 сәуірде Жоғарғы сот қоғамдық қызығушылыққа байланысты сот процессін тікелей эфирде өткізу туралы шешімін жариялады. Бұл Жоғарғы сот Youtube арнасында көрсетілген Қазақстан тарихындағы екінші процесс.

Еске салар болсақ, 2023 жылғы 22 желтоқсанда Алматыда жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болған. 18 сағат 15 минутта 47-бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы жүргізушімен жанжалдасып, жүргізушіні ұрып есінен тандырған. Осының салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай қалған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 мамыр 2024