Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан Бейнеу терминалы арқылы Ауғанстанға астық пен ұн экспортын арттырмақ

kz.kursiv.media

Қазақстан Бейнеу терминалы арқылы   Ауғанстанға астық пен ұн экспортын арттырмақ

Қазақстан Ауғанстанға астық пен ұн экспортын арттыруды жоспарлап отыр. Осы мақсатта Бейнеу терминалының қуаты пайдаланылмақ. Бұл жайында Қазақстан вице-премьері Серік Жұманғариннің Ауғанстан Премьер-Министрінің орынбасары Абдул Гани Барадармен кездесуі барысында айтылған.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық тарап Ауғанстанға қазақстандық астық пен ұн жеткізу көлемін арттыру үшін Бейнеу терминалының қуатын қарастыруды ұсынды.

Терминалдың қуаттылығы айына 100 мың тоннаға дейін астық, 12 мың тонна ұн және 3 мың тоннаға дейін құрама жем жөнелтуге мүмкіндік береді.

«Бүгінде Қазақстан Ауғанстанның негізгі сауда серіктестерінің ондығына кіреді. Сіздердің елдеріңіз қазақстандық астық пен ұнды дәстүрлі түрде импорттап келеді. Қазақстан бұл тауарларды Ауған нарығына сенімді жеткізуші болды және болып қала береді», – деді Серік Жұманғарин.

Бейнеу терминалы Маңғыстау облысының аумағында орналасқан, Қазақстан-Түрікменcтан шекарасына тікелей шыға алады. Терминалда барлық қажетті өндірістік инфрақұрылым бар. Ол өнімді экспортқа одан әрі тасымалдау үшін құрлықтағы ауыстырып тиеу терминалы-жинақтағыш міндетін орындай алады.

Сонымен қатар Қазақстанның Оңтүстік Азия бағыты бойынша қытай жүгін транзиттен өткізу мүмкіндігі бар: бүгінде ол Қытайдан Қазақстан бағытында жүретін барлық контейнерлік пойыздардың 40%-ын біріктіретін Сиандағы (ҚХР) Құрғақ порт аумағындағы меншікті терминал. Одан бөлек, Ляньюньган портында күн сайын Қазақстан бағытында екі контейнерлік пойыз құрылатын Қазақстан-Қытай терминалы бар.

Осылайша, егер трансауған темір жолдары салынатын болса, онда жүктер Қытайдан Қазақстан арқылы тек батысқа ғана емес, Ауғанстан арқылы Пәкістан, Үндістанға өтеді.

Сондай-ақ Қазақстан тарапынан Қытай–Қазақстан (Ақтауға дейін) – Түркіменстан-Ауғанстан (Тургунди/Анхой) бағыты бойынша Қытай өнімдерін Қазақстан аумағы арқылы Ауғанстанға жеткізуді әртараптандыру туралы ұсыныс айтылды. Жүктерді біріктіру үшін Сиань қаласындағы (ҚХР) терминалды пайдалану ұсынылды. Қазақстандық мамандардың есебі бойынша, Сиань/Үрімші қалаларынан Ауғанстанға (Тургунди/Анхой) ұйымдастырылған контейнерлік пойыздармен тауар жеткізу уақыты шамамен 10-12 күнді құрайды.

Қазақстан үшін Ауғанстан – ұн өткізетін ірі нарық (2021 жылы 895 126 тоннадан 2022 жылы 1,3 млн тоннаға дейін артқан). Ұн экспортындағы ауған үлесі 70 пайызға жуық. Бұдан бөлек, Қазақстан бидай (2022 жылы – 686 729 тонна), күнбағыс майын (2022 жылы – 17 576 тонна), қара бидай жөнелтеді. Ауғанстан өз кезегінде Қазақстанға жүзім, балғын және құрғақ жемістер, картоп тасымалдайды.

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 987,9 млн долларды құраған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 есе жоғары (474,3 млн доллар). Бұл көрсеткіштің шамамен 90%-ы қазақстандық экспортқа, негізінен өңделген өнімге тиесілі.

Қазақстандық ұн Ауғанстанға Өзбекстан аумағы арқылы жеткізіледі. Осы жылдың 4 айында Ауғанстанға Өзбекстан аумағы арқылы 150,8 млн доллар сомасына 450 мың тоннадан астам ұн жөнелтілді. Қазақстандық астық жүктерін Өзбекстан аумағы арқылы Ауғанстан мен Тәжікстан бағытында тасымалдауға арналған тарифтердің жеткілікті жоғары болуына байланысты Қазақстан тарапы экспорт көлемін ұлғайту және ауған нарығын қамтамасыз ету үшін Ауғанстанға транзиттік тасымалдаудың мүмкіндіктерін кеңейтуге мүдделі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 мамыр 2024