Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан алдағы уақытта мұнай өңдеу үлесін арттыруға мүдделі ме?

kz.kursiv.media

Қазақстан алдағы уақытта мұнай өңдеу үлесін арттыруға мүдделі ме?

2022 жылы мұнай өндіру 84,2 млн тоннаны, экспорт – 64,3 млн тоннаны құрады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов айтты.

“Оның 17,9 млн тоннасы ішкі нарық (АМӨЗ, ПМХЗ, ПҚОП, CaspiBitum) қажеттіліктеріне жұмсалды», – деді ведомство өкілі.

Қазіргі уақытта мұнай өңдеу қуатын жылына 27 млн тоннаға дейін ұлғайту жұмыстары басталды.«Шымкент МӨЗ-інде өңделетін мұнай жылына 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға жетсе, Ал Павлодар МХЗ 2 кезеңде жылына 5,5 млн тоннадан 8 млн тоннаға мұнай өңдемек. CaspiBitum қуаттылығы жылына 1-ден 1,5 млн тоннаға дейін артады. Ал Атырау МӨЗ-нің мұнайды қайта өңдеу қуаттылығы жылына 0,7 – 1 млн тоннаға дейін жетеді»,- деп түсіндірді спикер.

Жобаларды іске асыру үшін жұмыс бірнеше бағытта қолға алынбақ. Бірінші,мұнай өңдеу зауытында мұнай өңдеу тереңдігін ұлғайту қазіргі жағдайдағы 75-80%-дан 87%-ге дейін, яғни ішкі нарықты жоғары сапалы жеңіл мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуге, екінші, қосылған құны жоғары мұнай-химия өнімдерінің өндірісіне мүмкіндік береді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 мамыр 2024