Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ұлттық банк ескертеді!

almaty-akshamy.kz

Ұлттық банк ескертеді!

Олар адамдардан ақша жымқыру үшін туысының, әріптесінің, танысының, қандай да бір медиа-тұлғаның атынан байланысқа шығады екен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Адамның шынайы дауысын қалай келтіреді дейсіз ғой. Ол үшін алаяқтар мессенджерлердегі (WhatsApp, Telegram және т.б.) аккаунттарды бұзып, дауыстап айтылған хабарламаларды көшіріп алады да, нейрондық желіге жүктейді екен. Я болмаса дауыс өзгертетін технологияларды қолданады. Кейін смартфон иесінің дауысы ақша жіберуді сұрайтын өтінішке айналып, дауыстық хабарлама түрінде жіберіледі, тіпті сол адамның атынан мәтінмен де келуі мүмкін», деп ескертеді еліміздің бас банкі.

Смартфонға бұзып кіру үшін алаяқтар ұялы байланыс операторының техникалық қолдау қызметінен боламыз деп қоңырау шалып, телефонға келген кодты сұрайды. Зардабы зор сілтемелер балалар байқауына дауыс беру немесе әлеуметтік маңызы бар тақырыптарда сауалнамаға қатысуға шақыру түрінде де жіберілуі мүмкін.

Мобильді телефоныңызды сырттан бұзып кіруге жол бергіңіз келмесе, күдікті сілтемелерге өтпеңіз. Сосын телефонға келген код пен парольді ешкімге айтпаңыз да жібермеңіз.

«Ұлттық Банктің қызметкерлері мессенджер арқылы аудио/видеоқоңырау шалмайды. Банк қызметкері болып қоңырау шалған адаммен арадағы әңгімені үзіп, қандай да бір шараға немесе төлем операцияларын жүргізуге қатысудан бас тартыңыз», деп жазылған ресми хабарламада.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 мамыр 2024