Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы әуежайында AirAstana-ның ұшқышы ұсталды

almaty-akshamy.kz

Алматы әуежайында AirAstana-ның ұшқышы ұсталды

Ұшқыш мектеп оқушылары арасынан болашақ ұшқыштарды тарту шарасына қатысу үшін Ақтауға ұшпақ болыпты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қамалған кезде ол есірткіге елтіп,имас болған. Оның тұрғылықты жерінен пластик құбыр тәркіленіп, одан ұнтақты шөгінділер табылған. Ұшқыш 2021 жылдан бері есірткіге тәуелді екенін мойындаған.

Өзінің айтуынша, ұсталғанға дейін бір күн бұрын төрт грамм есірткі қолданған. Соңғы рет 23 сәуір күні таңертең пайдаланған.

AirAstana әуе компаниясы жағдайды растап, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Бұл қызметкер жұмыстан шеттетілді. Авиакомпания қызметкерлердің алкогольді немесе есірткіні пайдалануына қарсы. Себебі, ұшу қауіпсіздігі бізде бірінші орында. Авиакомпанияда экипаждардың қанында алкоголь немесе есірткі заттарының болуына тұрақты негізде тестілеу жүргізіледі», - деп мәлімдеді Air Astana.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 мамыр 2024