Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атырау облысында пәтердегі өрттен 2 бала қаза тапты: полиция күдіктіні қамауға алды

newsroom.kz

Атырау облысында пәтердегі өрттен 2 бала қаза тапты: полиция күдіктіні қамауға алды

25 сәуірде сағат таңғы 05:40 шамасында Индер ауданы Индербор кентінде тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде пәтер толықтай жанып кеткен,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Пәтердің жатын бөлмесінен 10 және 7 жастағы балалардың өлі денелері табылды. Сондай-ақ , 28 жастағы балалардың анасы мен 30 жастағы ер адам ес-түссіз күйде табылып аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.

Аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы оқиға орнынан жанар май иісі бар құты қалдықтарын анықтаған. Және де жақын жердегі жанар май бекетінен бензин сатып алған 31 жастағы жәбірленушінің танысы бейнекамералар арқылы анықталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті тез арада ізін суытпай Орал қаласына бағыт алған жерінен ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату, екі немесе одан да көп адамды өлтіру, аса қатыгездiкпен, басқа адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен, төтенше жағдай кезінде жасалған және жасөспірімдерді өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалып тергелуде. Аталған бап бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бас бостандығынан өмір бойына айыруға жазасы көзделген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 мамыр 2024