Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда терроризм мен экстремизмге қарсы күрес күшейді

newsroom.kz

Қазақстанда терроризм мен экстремизмге қарсы күрес күшейді

Ақтөбе қалалық сотының шешімімен Ақтөбе облысының бір тұрғыны терроризмді насихаттағаны және атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. ҰҚК тергеген қылмыстық іс шеңберінде оның айналасындағыларды шетелдегі соғыс қимылдарына қатысуға шақырғаны және өзі де оларға қосылуды жоспарлағаны анықталды. Тінту барысында одан 2 автомат, 8 тапанша, 8 мылтық, 3 шолақ қару, 6 радиостанция (жасырын тасымалданатын гарнитурасымен), 3 түтін шашкасы, 1 жарық гранатасы және 581 оқ-дәрі табылды. Сонымен қатар, ҰҚК материалы бойынша Алматы облыстық сотының шешімімен Қаскелең қаласының бір тұрғыны терроризмді насихаттағаны және террористік әрекеттерді ұйымдастыруға адамдарды тартқаны үшін 9 жылға сотталды. Тергеу барысында оның Қазақстанда резонансты зорлық-зомбылық акциясын жасау үшін лаңкестік топ құруды жоспарлағаны анықталды. Осы мақсатта ол басқа діндар адамдарға лаңкестік идеологияны қабылдатып, өз қатарына тартуға әрекеттенген. Жалпы, осы жылдың басынан бері ҰҚК тергеген қылмыстық істер бойынша террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін әртүрлі мерзімге 34 адам, сондай-ақ 2 шетел азаматы сотталған. Олар терроризмді насихаттағаны, діни араздық тудырғаны, террористік және экстремистік топтардың әрекетіне тартқаны, құрғаны және қатысқаны, сондай-ақ тыйым салынған ұйымдардың жұмысына араласқаны үшін кінәлі деп танылған. Қазіргі уақытта тағы 23 адамға қатысты тергеу жалғасуда.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2025