Ақтөбеде мемлекеттік қызметкерлер жаңа жұмыс кестесіне көшеді

2025 жылдың 21 сәуірінен бастап Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметкерлер жұмыс күнін бұрынғыдан жарты сағат ерте бастайтын болады. Жаңа тәртіпке сәйкес, жұмыс уақыты 08:30-да басталып, 17:30-да аяқталады. Бұл өзгеріс облыс әкімі Асхат Шахаровтың бұйрығымен енгізілді. Жаңа кесте облыс әкімінің аппараты, қалалық әкімдік пен басқармаларға қатысты. Түскі үзіліс – 12:30-дан 13:30-ға дейін. Ресми мәлімдемеде бұл шешім қызметкерлер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесіне сүйене отырып қабылданғаны айтылады.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
19 сәуір 2025