Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Киікті атудан бас тартқан жоқпыз - экология министрі

newsroom.kz

Киікті атудан бас тартқан жоқпыз - экология министрі

Министрдің сөзінше, қазіргі таңда Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы университеттің ғалымдары шетелдік сарапшылармен бірлесіп, киіктердің санын реттеу жолдарын зерттеп жатыр. — Мендегі мәліметке сүйенсек, келесі аптада олар нақты ғылыми тұжырымын ұсынады. Былтыр мамырда жүргізілген есеп бойынша елімізде 4 миллионға жуық киік бар. Сол себепті нақты шешім сол ғылыми негізге сүйеніп қабылданады. Апта ортасында белгілі болады, — деді Ерлан Нысанбаев. Журналистер министрден киік атудан түбегейлі бас тарту туралы нақты жауап сұрағанда, ол: — Біз атудан бас тарттық деп айта алмаймыз. Әзірге Мемлекет басшысының Қостанайда берген тапсырмасы негізінде жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ қандай да бір әрекетке ғылыми негіздеме қажет. Сол қорытынды шықпайынша, нақты шешім қабылданбайды, — деп жауап берді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2025