Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Құрылтай сайлауынан кейін саяси партияларға қаржы қалай бөлінеді

kz.kursiv.media

Құрылтай сайлауынан кейін саяси партияларға қаржы қалай бөлінеді

Саяси партияларды қаржыландыру тәртібі өзгермейді / Фото: ЖИ-мен жасалған, бильд-редактор: Дастан Шанай

Құрылтай сайлауы өткен соң, саяси партияларды қаржыландыру тәртібі өзгеріссіз сақталады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) Kursiv.Media сауалына берген жауабында жазылған.

ОСК саяси партиялар 2009 жылы қабылдаған қаулы негізінде қаржыландырылатынын айтып өткен. Соған сәйкес, Құрылтайға өткен саяси партияларға жұмсалатын ақша сол партияға дауыс берген әрбір сайлаушы үшін 0,65 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есептеледі.

«Осы ережелерге сәйкес, ОСК сайлау қорытындылары белгіленгеннен кейін бес күн мерзімде бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне (Қаржы министрлігіне) ҚР Парламенті Мәжілісінде ұсынылған саяси партиялар және олар алған сайлаушылар дауыстарының саны туралы мәліметтерді жеткізеді», – делінген жауапта.

Бұл қаражат Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізіммен сайланған депутаттарды ресми тіркеген айдан бастап төленеді.

Қаржы министрлігінің дерегі бойынша, 2026 жылға саяси партияларға бюджеттен 17,7 млрд теңге бөлінбек. Жыл басынан бергі 5 айда соның 6,9 млрд теңгесі игерілген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар