Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматылықтардың жер телімдері мемлекет қажеттіліктер үшін сатып алынады

kz.kursiv.media

Алматылықтардың жер телімдері мемлекет қажеттіліктер үшін сатып алынады

Алматыда Алатау және Жетісу аудандарындағы жер телімдерін сатып алу басталды. Тиісті қаулыларға қала әкімі қол қойды. Бұл туралы Kursiv.media krisha.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған жер телімдері мемлекет қажеттелігі үшін сатып алынып, ондағы нысандар сүріледі. Сүрілетін аумақтарда кәріз-сорғы станцияларын салу жоспарланған.

Мемлекет меншігіне өтетін жер телімдерінің жалпы аумағы 0,17 гектардан асады.

Кәріз-сорғы станциясын салу үшін Томирис шағынауданындағы екі жер телімі мемлекет меншігіне беріледі.

Олар:

Жердің жалпы аумағы 0,1292 гектарды құрайды. Жер телімдерін сатып алу жұмыстарын 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Тағы бір қаулы Жетісу ауданына қатысты қабылданды. Мұнда кәріз-сорғы станциясын салу үшін келесі мекенжайдағы жер телімінің бір бөлігі мемлекет қажетіне алынады:

Жалпы аумағы 0,1142 гектар болатын жер телімінің 0,0476 гектары мемлекет қажеттілігі үшін сатып алынады.

Жер иелеріне өтемақы төленеді. Жер телімдері, тұрғын үйлер және өзге де құрылыстар нарықтық құны бойынша бағаланады.

Егер меншік иесі ұсынылған өтемақы мөлшерімен келіспесе, мәселе сот тәртібімен қаралуы мүмкін.

Еске салсақ, Алматыда жаңа метро желісінің құрылысы басталады. Осыған байланысты жаңа станциялар үшін жер телімдері сатып алынып, бірқатар үйлер сүрілетін болады. Сүрілетін ғимараттар Алмалы, Медеу және Түрксіб аудандарында орналасқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар