Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Клиенттің затын сатып жіберген курьер ұсталды

kz.otyrar.kz

Клиенттің затын сатып жіберген курьер ұсталды

Астана қаласы Байқоңыр аудандық криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық дерегі бойынша 32 жастағы азаматты ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің жеткізу қызметінде жұмыс істейтіні анықталды. Жәбірленуші курьер шақырып, оның көлігіне сатып алған 200 дана құрылыс материалдарын тиеп берген. Алайда күдікті сенімге кіріп, жүкті белгіленген мекенжайға жеткізбестен, қабылдау пунктіне өткізіп жіберген. Осылайша, түскен қаражатты жеке пайдасына жаратқан.

Қазіргі таңда күдікті өз кінәсін толық мойындады. Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 300 мың теңгені құрайды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция азаматтарды сақ болуға, бейтаныс тұлғаларға мүліктерін сеніп тапсырмауға шақырады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар