Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде қайтыс болды

kz.kursiv.media

Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде қайтыс болды

Алматыда автобус жүргізушісінің денсаулығы жол үстінде нашарлап, рөлге ие бола алмай жол апатына ұшыраған. Автобус жүргізушісі оқиғадан соң қайтыс болған.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның 22 маусымда Жетісу ауданында болғанын айтып берді.

«131-маршруттағы автобус жүргізушісі Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Mercedes және Toyota автокөліктерімен соқтығысуға жол берген. Алдын ала мәліметтер бойынша, қозғалыс кезінде автобус жүргізушісінің денсаулығы нашарлап, соның салдарынан ол басқаруға ие бола алмай қалған. Өкінішке қарай, жүргізуші қайтыс болды», – делінген ақпаратта.

Оқиға фактісі бойынша сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайлары мен себептері анықталып жатыр.

Осыған ұқсас қайғылы жағдай 2026 жылдың қаңтар айында болған. Алматыда №92 автобус жүргізушісі рейс кезінде қайтыс болды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар