Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ыстықтың беті қайтады: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

kz.kursiv.media

Ыстықтың беті қайтады: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне, 20-22 маусымға арналған ауа райына болжам жасады. Оған сәйкес демалыс күндері елдің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Кей өңірлерде екпінді жел соғады. Ал республиканың батысында аптап ыстықтың беті аздап қайтады.

«Алдағы демалыс күндері атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейеді, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін. Ал 21-22 маусымда батыс өңірлерде нөсер жаңбыр жауады деп болжануда», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Ауа температурасы 30-38 градусқа дейін көтеріледі. 21-22 маусымда республиканың солтүстік-батысы мен орталығында 40-41 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Тек батыс аймақтарда ғана ыстықтың беті қайтып, ауа температурасы 22-33 градус шамасында болады.

Бұған дейін синоптиктер шілдеде Алматы мен Астанада болатын ауа райына болжам жасаған еді. Оған сәйкес екі қалада да жаңбырлы күндер көп болады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар