Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ниццадан Куршевельге дейін: 2030 жылғы қысқы Олимпиаданың мән-жайы белгілі болды

kz.kursiv.media

Ниццадан Куршевельге дейін: 2030 жылғы қысқы Олимпиаданың мән-жайы белгілі болды

«Альп-2030» қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті жарыстың ресми логотиптері мен шрифтін таныстырып, шара өтетін орындарды жариялады. Ойындардың эмблемалары тау бейнесі мен жарық сәулесіне негізделген және екі жарыстың тең құқылы екенін білдіреді.

Жарыс кестесі мен қатысушылар:

Жарыс өтетін орындар: Ойындар Францияның төрт аймағында шоғырланады: Жоғарғы Савойя, Савойя, Бриансон және Ницца. Спортшылар үшін 5 олимпиадалық ауыл салынады, бұл олардың жарыс орнына 30 минутта жетуіне мүмкіндік береді. Жарыс нысандарының 93%-ы бұрыннан бар немесе уақытша болады.

Конькимен жүгіру спорты бойынша жарыстар жаңа нысан салынбауы үшін Франциядан тыс жерде өтеді (ел әлі белгісіз). Ашылу салтанатының орны да әлі нақтыланған жоқ.

Қазақстан құрамасы Олимпиада жолдамаларын иеленсе, жарыстардың барлық төрт кластерінде де өнер көрсетеді. Қатысатын отандық спортшылардың нақты саны 2029 жылдың соңында, іріктеу кезеңдері аяқталғанда белгілі болады.

Биыл Парижде Михаил Шайдоров Қазақстан тарихында тұңғыш рет мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар