Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда ер адам он бірінші қабаттан секіріп кетті

kz.kursiv.media

Алматыда ер адам он бірінші қабаттан секіріп кетті

Алматыда, Бостандық ауданында қайғылы жағдай болды. Ер адам он бірінші қабаттан секіріп кетіп, қаза тапты.

Полиция дерегінше, 37 жастағы ер адам өз пәтерінің терезесінен секірген. Оны сол тұрғын үй кешенінің күзетшісі көріп, жедел-жәрдем шақырады.

«Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы мен полиция қызметкерлері жетті. Зардап шеккен адам шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан ер адам есін жимастан көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр», – деп атап өтті полиция департаментінен.

Осыдан он шақты күн бұрын Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен әйел адам құлап кеткенін жазған едік. Ол да оқиға орнында мерт болды, полиция тергеу жүргізіп жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар