Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Семейде жоғалған екі жасөспірім табылды

kz.kursiv.media

Семейде жоғалған екі жасөспірім табылды

Семейде жоғалып кеткен қос жасөспірім дін аман табылды. Бұл туралы ІІМ хабарлайды.

Іздеу шараларының нәтижесінде таңғы сағат 09:10 шамасында балалар жергілікті тұрғындардың бірінің ауласынан табылды. Үй иесі балаларды көре сала, бірден полицияға хабарлаған. Аман-есен табылған балалар ата-аналарына апарып тапсырылды. Қазіргі уақытта балалармен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бала тәрбиесіне негізсіз қарап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмағаны үшін ата-аналар жауапкершілікке тартылады деп ескертеді ІІМ өкілдері. Бұл мәселеге қатысты жиналған құжаттар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралады.

Абай облысының Полиция департаменті ата-аналарға балалардың қайда жүргенін, әсіресе жазғы уақытта, кешкі және түнгі мезгілде үнемі қадағалап отыру қажеттігін ескертеді.

Жоғалған екі бала 17 маусымда кешкі 20:00 шамасында Семей қаласы, Восточный елдімекені маңында болған. Содан кейін ата-анасы көз жазып қалған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар