Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен қазақ жігіті ұсталды

kz.kursiv.media

АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен қазақ жігіті ұсталды

АҚШ-тың Көші-қон және кеден бақылауы қызметі (ICE) бесінші маусымда қазақ жігіті Еламан Балтагерейді ұстады. Бұл туралы олар ұйымның әлеуметтік желідегі парақшасында жазылған.

Еламан Америкада заңсыз жүргендіктен, 2025 жылы жазда көші-қон соты оны елден шығару туралы шешім қабылдаған. Бірақ ол сот отырысына келмей қалған. Енді оны мәжбүрлеп елден депортациялайды.

«Еламан Балтагерей елден шығару туралы түпкілікті сот шешімі бар, терроризмге қатысы бар деп танылған немесе күдікке ілінген тұлға ретінде мақсатты түрде ұсталды. Ол елден депортацияланғанға дейін және жол құжаттары дайындалғанша ICE уақытша ұстау изоляторында болады», – деп жазылған ICE хабарламасында.

Бұған дейін АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандықтың мәйіті табылғанын жазған едік. Құтқарушылар 24 жастағы Әсет Құралбайды бес күн іздеп, соңында өлі күйінде тапты. Қазір осы іске қатысты тергеу басталды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар