Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Роналду гол соға алмады: Португалия ДР Конгомен тең түсті

kz.kursiv.media

Роналду гол соға алмады: Португалия ДР Конгомен тең түсті

Футболдан өтіп жатқан Әлем чемпионатының 1-туры аясында Португалия мен ДР Конго құрамалары жасыл алаңда кездесіп, тартысты ойын көрсетті. FIFA рейтингінде 5-орында тұрған фаворит Португалия мен 46-орындағы ДР Конго арасындағы матч 1:1 есебімен тең аяқталды.

Ойын басталысымен португалиялықтар басымдықты қолға алуға тырысты. Небары 6-минутта Педру Нетудың пасынан кейін Жоау Невеш есеп ашып, Португалияны алға шығарды (1:0)

Дегенмен, ДР Конго құрамасы көп ұзамай ойын ырғағына үйреніп, қауіпті шабуылдар ұйымдастыра бастады. 32-минутта К. Мбемба сары қағаз алып, қорғаныста барын салды. Таймның соңында конголықтардың қысымы нәтиже берді:

45+5-минутта Масуакудың дәл берген пасын Висса сәтті пайдаланып, таразы басын теңестірді (1:1).

Екінші таймда қос команданың бас бапкерлері де ойынға тың күш қосу мақсатында бірнеше ауысымдар жасады. Португалия сапында Ф. Консейсау (46′), Р. Леау (71′), Н. Семеду (72′) және Г. Рамос (83′) алаңға шықты. ДР Конго да өз кезегінде Н. Садики (57′), Ч. Пикель (74′), Й. Каямбе (74′), С. Банза (85′) және Г. Калулу (85′) сияқты ойыншыларды шығарып, қорғаныс пен шабуыл шебін күшейтті.Тайм бойы екі жақтан да қауіпті сәттер болғанымен, есеп өзгеріссіз қалды. Матчтың соңғы минуттарында (88′) португалиялық Н. Семеду сары қағаз алып, ойын шиеленісе түсті. Төреші қосқан қосымша 5 минутта да жанкүйерлер басқа гол көре алмады.

Португалия құрамасы айқын фаворит саналғанымен, ДР Конгоның тегеурінді қарсылығына тап болды. Екі команда да 1 ұпайдан еншілеп, турнирлік кестедегі алғашқы қадамдарын жасады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Роналдуның бәсекелесі Лионель Месси алғашқы ойында үш бірдей гол салған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар