Мемлекет үлесі қысқарды: инвестицияны бизнес өз есебінен көбірек қаржыландыра бастады
2026 жылғы қаңтар–мамырда Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6,7 трлн теңгеден асты. Инвестицияның басым бөлігі компаниялардың өз қаражаты есебінен қаржыландырылған. Бұл көздің үлесі 67,4% болды. Былтырғы тиісті кезеңде көрсеткіш 65,6% еді.
Ал мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттың үлесі айтарлықтай қысқарған. ҚР ҰСБ мәліметінше 2026 жылдың алғашқы бес айында бюджет қаражаты инвестицияның 14,4%-ын құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 22% болған. Яғни мемлекеттік қаржыландырудың жалпы құрылымдағы салмағы 7,6 пайыздық пунктке төмендеді.
2026 жылғы қаңтар–мамырда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі6,7 трлн теңгеден асты. Мемлекеттік бюджеттің үлесі азайып,банктер кредиті мен басқа қарыз қаражатының үлесі өсті.
Керісінше, қарыз қаражатының үлесі өскен. Банктердің кредиттері негізгі капиталға салынған инвестицияның 5,7%-ын құрады. 2025 жылғы қаңтар–мамырда бұл көрсеткіш 3,6% болған. Басқа да қарыз қаражатының үлесі де 8,8%-дан 12,5%-ға дейін артты.
Оның ішінде шетелдік банктердің кредиттері жалпы инвестицияның небәрі 0,1%-ын құраса, резидент емес қарыз қаражатының үлесі 3,5% болды. Былтыр бұл көрсеткіш тиісінше 0,3% және 2,8% деңгейінде еді.
Жалпы дерек инвестиция құрылымында жеке сектор қаражатының рөлі жоғары екенін көрсетеді. Сонымен қатар мемлекеттік бюджет үлесінің азаюы аясында қарыз қаражатының салмағы біртіндеп артып келеді.
Еске сала кетейік, өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар туралы жазған едік
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
18 маусым 2026