Аршавин Мехико төрінде: «Қайраттың» экс-жұлдызы Өзбекстанға жанкүйер болды
Футболдан өтіп жатқан 2026 жылғы Әлем чемпионаты трибунадағы мәртебелі қонақтарымен де ерекшеленіп жатыр. Көршілес Өзбекстан құрамасының Колумбияға қарсы тарихи матчын тамашалауға футбол әлемінің танымал тұлғалары да келген.
Олардың қатарында Ресей құрамасының бұрынғы капитаны, лондондық «Арсеналдың», санкт-петербургтік «Зениттің» және алматылық «Қайраттың» экс-шабуылшысы Андрей Аршавин де болды.
Аршавин Мехико қаласындағы халықаралық стадионның трибунасынан орын алып, Өзбекстан құрамасының мундиальдағы дебюттік кездесуіне арнайы қолдау көрсетті. Ол ойын бойы көршілес елдің тарихи қадамына тілектестік білдіріп, өзбек жанкүйерлерімен бірге отырды.
A post shared by Nodirjon Tuychiyev (@nodirjon_tuychiyev)
Аршавин мансабының соңғы жылдарында (2016–2018 жылдары) Алматының «Қайрат» клубында өнер көрсетіп, Орталық Азия футболымен етене таныс болған еді. Сондықтан бұл аймақтан Әлем чемпионатына тұңғыш рет жолдама алған құраманың матчын Аршавин назардан тыс қалдырмады.
Еске сала кетейік, бұған дейін өзбекстандық жанкүйерлердің Мехико әуежайынан бастап ұлттық аспап дойрамен нағыз шоу ұйымдастырғанын жазған едік. Трибунада да дәл осындай қызу қолдау байқалды.
Өзбекстан құрамасы бұл матчта тәжірибелі Колумбиядан 1:3 есебімен жеңіліс тапқанымен, Аббосбек Файзуллаевтың голы тарихқа енді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
18 маусым 2026